Әлем
Ресей президенті Владимир Путин БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуінде Қырым мен Донбасты иелену мәселесі шешілмейінше, Ресей Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне қол қоя алмайтынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Путинмен кездесуінде Украинадағы соғысты Ресейдің басқыншылығы деп санайтынын айтты. Ол сондай-ақ Украинадағы гуманитарлық мәселелерді шешу үшін БҰҰ-Ресей-Украина форматында байланыс тобын құруды ұсынды.
Путин өз кезегінде БҰҰ Бас хатшысының ұйым мен ХҚКО-ға Мариупольдегі гуманитарлық дәліздерді ұйымдастыруға араша түсу туралы ұсынысын қабылдады.