Әлем

Лавров: «Батыс Украинаға қару-жарақ жеткізуді жалғастыра берсе, келіссөздер нәтижесіз болады»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Ресейде сапармен жүрген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш келіссөздер үдерісін жалғастыру және Украина дағдарысын еңсеру үшін дипломатиялық шешім табу қажеттігі туралы келісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Синьхуа сайтына сілтеме жасап.

- «Біз келіссөздер арқылы шешімді жақтаймыз», - деді С.Лавров А.Гутерришпен Мәскеудегі кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз мәслихатында.

Ресей келіссөздерді наурыздың басында Украина президенті Владимир Зеленский ұсынғаннан кейін бірден бастауға келісті, деді ол.

Сергей Лавров украиндық тараптың бітімгершілік келіссөздеріне деген көзқарасына «көңілін» білдіріп, «олар бұл келіссөздерге ерекше қызығушылық танытпайтыны анық» деді.

Министр Киевті Мәскеудің ұсыныстарына тез жауап беруге шақырып, егер Батыс Украинаға қару-жарақ жеткізуді жалғастыра берсе, келіссөздердің нәтижелі болуы екіталай екенін ескертті.

- «Мен Мәскеуге бейбітшілік елшісі ретінде келдім. Менің мақсатым мен күн тәртібім адамдардың өмірін сақтап қалу және қайғы-қасіретті азайтумен тығыз байланысты», - деді А.Гутерриш С.Лавровпен келіссөздерді «өте ашық» деп атады.

- «Мен бұл соғыс неғұрлым тезірек аяқталса, Украина халқы, Ресей халқы және олардың шекарасынан алыстағылар үшін соғұрлым жақсы болатынына сенімдімін», - деді ол.