Әлем
Дубайда иттерге арналған кафе ашылды. Тамақтану орны – «Happy Bark Day» деп аталады. Бұл жерде үй жануарлары мен олардың иелеріне барлық жағдай жасалған, деп жазады Bugin.kz порталы.
Жоба авторларының сөзінше, кафе мәзірі күнделікті ауысып отырады. Диетологтар тағамдарды иттердің физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасаған. Үй жануарлары жейтін тағамдар дәмді ғана емес, пайдалы болып отыр.
Желтоқсан айында ашылған тамақтану орнының Instagram желісіндегі парақшасында 2 мыңға жуық қана оқырман бар. Соның өзінде жоба авторлары иттердің сапалы фотоларын салып, парақшаны белсенді түрде жүргізіп жатыр.