Bugin
Әлия Назарбаева Қазақстанның Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының басшысы қызметінен кетті. Бұл туралы Экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Иә, шынымен де Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының басшысы қызметінен кетті. Қаңтардың аяғында кеткен болатын. Ал 4 ақпанда қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысын өткіздік», - деді ол.