Bugin

Парламент таратыла ма – Қошанов жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Парламентті тарату мәселесі талқыланып жатпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Әзірге ондай мәселе талқыланып жатқан жоқ. Бірақ мен Президент саяси реформаларды жариялағанын айта аламын. Біз тиісті конституциялық және өзге де заңдарды жыл соңына дейін қабылдауымыз керек. Әзірге ондай мәселені талқылаған жоқпыз», - деді ол.

Мәжіліс төрағасы «Amanat» партиясының атынан президент сайлауына түсу туралы жоспары жоқ екенін айтты.