Bugin

Қадір түні қандай дұғалар оқылады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл қасиетті Қадір түні - 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн. Қадір түні оқылатын дұғаларды назарларыңызға ұсынамыз. 

1. Ықылас сүресін 100 рет оқу керек.

Бисмиллаһир-рахманир-рахим. «Қул һуАллаһу әхад, Аллаһус-самад, ләм иәлид уә ләм юуләд, уә ләм иәкул-ләһу куфуан әхад».

Сүренің қазақша мағынасы: «Алла жалғыз! Алла ешкімге және ешнәрсеге мұқтаж емес, керісінше, күллі жаратылыс Оған мұқтаж! Ол тумаған да, туылмаған! Сондай-ақ Оған тең келер ешкім жоқ!

2. Қадыр сүресі – 100 рет.

Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

Сүренің қазақша мағынасы: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».

3. Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.

Сүренің қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.

4. Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.

Сүренің қазақша мағынасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.

5. Астәғфируллуһ – 500 рет.

6. Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.