Bugin
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов журналистердің Алтын орда базарындағы заңсыздық жайлы қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұған дейін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Алтын Орда» базарында тергеу жүріп жатқаны туралы айтты. Оның айтуынша, базарда санитарлық, экологиялық, құрылыс, төтенше жағдай нормалары бұзылған. «Алтын орда» базарын Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев пен оның туыстары басқарады деген ақпарат та тарады.
«Біріншіден, Алматыдағы «Алтын орда» базары туралы айтқан Қанат Бозымбаевтың сұхбатын көрген жоқпын. Алтын орда базарына қатысты қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер қылмыс жасаса, базардың қожайыны болсын, басшысы болсын, тиісті жазаға тартылады. Менің ойымша, әділетті шешім шығады, артын күту керек», – деді ол.
Ал «Болат Назарбаевтың қашып кеткені рас па?» деген сұраққа мәжіліс спикері «Ол туралы менде мүлде ақпарат жоқ» деп қысқа жауап қайтарды.