Bugin

Ресейдің тағы бір өтірігі ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін таңертең Ресейдің мемлекеттік РИА Новости ақпарат агенттігі Аустрияның канцлерінің шешімі жайлы жаңалық жариялады. Ресей ақпарат көзі «канцлер Карл Нехаммер ресейдің газын рубль валютасымен сатып алуға келісті» деп жазды.

Әрі РФ президенті Владимир Путин газды Аустрияға қауіпсіз жеткізуге уәде берді деп тағы ақпарат жариялады.

Алайда бұл ақпардың бәрі өтірік болып шықты. Мұны Аустрия канцлері Карл Нехаммердің өзі мәлімдеді.

«Аустрия ресейдің газын сол баяғыдай еуромен сатып алып отыр. Біз Еуропа Одағының Ресейге салған санкциясын қосыламыз әрі оны толық ұстанамыз», - деп жазды Нехаммер Twitter-де.

Ресей пропагандасының кезекті өтірігі тағы ашылып қалды.