Әлем

Путин Украинадағы соғысқа араласқандарға соққы жасалатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

РФ президенті Владимир Путин Украинадағы арнайы операцияға араласқандарға соққы жасалатынын айтты. Бұл туралы ол кеше, 27 сәуірде Санкт-Петербургте өткен парламентарийлер алдында сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Совет Федерации YouTube-арнасына сілтеме жасап.

«Егер болып жатқан оқиғаларға сырттан біреулер араласып, Ресейге қауіп төндірсе, біз жауап ретінде шұғыл түрде әрекет етеміз. Ол үшін қажет барлық құралымыз бар. Әр елдің ондай құралдармен мақтануға жағдайы жоқ. Біз де мақтанбаймыз. Алайда қажет болған жағдайда оны қолданатынымызды бәрі білсе екен!» - деді Ресей президенті.   

Сонымен қатар ол «Ресей Донбасс пен Украинадағы арнайы операцияға қатысты қойған барлық тапсырма орындалатынын» мәлімдеді. Путиннің сөзінше, Ресей оған қарсы салынған санкциялар мен соғысқа жұмсалатын әскери шығындардың экономикалық қысымына төтеп бере алады.