Әлем

АҚШ-та Қытайға қатысты ұлттық стратегия таныстырылатын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен алдағы аптада Қытайға қатысты ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қарастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Вашингтонның басты қарсыласы Қытайға қарсы ресми стратегиясының жоқтығы үшін республикашылдар тарапынан сынға ұшырады.

«Алдағы апталарда стратегия туралы ашық, егжей-тегжейлі айтуға мүмкіндік болады деп ойлаймын», - дейді Блинкен.

Ақпан айында Байден әкімшілігі Үнді-Тынық мұхиты аймағының стратегиясын жариялап, онда Қытайға қарсы тұру үшін аймаққа дипломатиялық ресурстарды көбірек бөлуге міндеттеді.

Блинкен Қытайға қатысты жеке стратегия бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты. Алайда Ресей мен Украинаның жағдайына байланысты алаңдаушылық болып жатқанын да жасырмады.

Айта кетейік, АҚШ президенті Джо Байден 12-13 мамырда Вашингтонда өтетін саммитте әлемнің 10 елінен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) басшыларымен кездеседі. Сонымен қатар ол осы айда Оңтүстік Корея мен Жапонияға бармақ.