Әлем

Пентагон Лавровтың ядролық соғыс туралы айтқан сөздеріне жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби Ресей СІМ Сергей Лавровтың ядролық соққыға қатысты жасаған мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Кирбидің айтуынша, АҚШ Украинадағы қақтығыстың ядролық соққыға дейін жеткенін қаламайды. Сонымен қатар ол мұндай оқиға болатындай себеп жоқ екенін айтып өтті.

«Әрине, ядролық соғыстың болуын ешкім қаламайды және қаламауы да керек. Бұған ешқандай себеп жоқ», - дейді Кирби.

Пентагонның ресми өкілі АҚШ әскерінің күнделікті қауіп-қатерді қадағалап отыратынына және мұндай шара қабылдауға ешқандай негіз жоқ екеніне сендірді.

Ал АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин ядролық соғыстың қауіпті риторикасының мүмкіндігі туралы, мұндай нәтижені ешкім қаламайтынын мәлім етті.

«Біз мұндай риторика өте қауіпті және нәтижесіз деп бірнеше рет айтқан болатынбыз. Ядролық соғыстың болғанын ешкім қаламайды. Бұл - барлық тарап жеңілетін соғыс», - дейді Пентагон басшысы.

Оның айтуынша, Батыс алдағы уақытта да осы сценарийдің алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін істейді.