Bugin

Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігіндегі жағалауынан 94 өлі итбалық табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше, 27 сәуірде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінің жағалауын зерттеуді жалғастыру барысында барлығы 94 өлі итбалық табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің айтуынша, зерттеу жұмыстарын ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, ветеринарлық қызмет және жергілікті атқарушы орган өкілдері жүргізді.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су мен топырақ сынамаларын алды.

Айта кету керек, итбалықтардың қаңқаларының қатты ыдырауынан өлімнің себептерін анықтау мақсатында зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алу мүмкін болмады.

Айта кетейік, Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында итбалықтың ең көп қырылу дерегі саны соңғы 5 жылда орын алған.