Әлем

Генерал Путиннің №1 тапсырмасын атады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей әскерлері Мариупольді басып алуға бар күш-жігерін жұмсауда. Содан кейін олар оңтүстікке қарай ілгерілеп, Донецк және Луганск облыстарына бағытын ауыстырады. Бұл пікірді «Апострофқа» берген сұхбатында Украина армиясының генералы, Украина Сыртқы барлау қызметінің экс-басшысы Николай Маломуж айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оның айтуынша, қазір қарсыластар негізгі күштерді шоғырландырып, алдын-ала барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді.

- «Донецк және Луганск облыстарының кейбір аудандарында Украинаның қорғаныс жүйесін бұзуға әрекеттер жасалуда. Бірақ, негізгі әскерлердің шоғырлануы әлі алда. Қазірдің өзінде солтүстікте және Белгородта қарулы күштердің жаңа форматтары құрылуда. Бұл Киев, Чернигов және Сумы облыстарынан көшірілгендер және жаңа резервтер. Олар Ресей Федерациясының оңтүстік және орталық федералдық округтерінен ғана емес, Қиыр Шығыстан, Оралдан да тартылып жатыр. Біз жаңа кезең басталғаны көріп отырмыз», - деді генерал.

Қазір Путин үшін «1 тапсырма» Мариуполь. Өйткені бұл украин жауынгерлерінің төзімділігінің символы», - деп атап өтті Маломуж.

- «Мүмкін Путин Азовсталға шабуыл жасамауды тапсырған шығар, бірақ бомбалау жүріп жатыр. Ресей әскери күштерінің міндеті Мариупольді басып алу. Содан кейін шабуылдау операцияларын тиімді жүргізу үшін негізгі күштерді Донецк және Луганск облыстары бағытына көшіру. Екінші жағынан, шабуылдаушылар Украина Қарулы Күштерін қоршауға алу, флангтардан шабуылдар жасау бойынша «арнайы операциялары» үшін аса маңызды болып табылатын Изюм бағытын ұмытпауы керек. Әрине, бұл Украинаның оңтүстігі, мұнда жау айтарлықтай шығынға ұшырады», - деді ол.