Әлем

БҰҰ Бас хатшысы Украинадағы соғыс қашан аяқталатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинадағы соғыс Ресей Федерациясы тоқтатқысы келген кезде ғана аяқталатынын айтты. Ол «келіссөздер» соғысты тоқтатпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Гутерриш Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуден кейін CNN телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- «Соғыс Ресей Федерациясы оны тоқтатуға шешім қабылдаған кезде және атысты тоқтатқаннан кейін саяси келісім пайда болған жағдайда аяқталады», - деді БҰҰ Бас хатшысы.

Оның айтуынша, бірнеше рет келіссөздер болуы мүмкін, бірақ бұл соғыс аяқталады дегенді білдірмейді.