Bugin

Ресей Қытайға беріле ме? Соғыстан кейін Ресейдің жағдайы не болмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Федерациясы соғыс аяқталғаннан кейін Қытайдың ықпалына түсуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік журналист және публицист Андрей Пионтковский айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Сегодня» сайтына сілтеме жасап.

Қытай Ресей Федерациясын бұдан былай соғыса алмайтындай етіп әлсіретуді қалайды. Ал, соғыстан кейін Қытай үшін билікте кім болатыны маңызды емес.

- «Ресей түбінде Қытайға беріледі. Тіпті, қазірдің өзінде орын алып жатыр», - дейді Пионтковский.

Мұны Ресей Федерациясының технологияларда, жабдықтауда, азық-түлікте Қытайға толық тәуелділігінен байқауға болады.

- «Мәскеуде олар өздерін әрқашан еуразиялықтар сияқты сезінген, енді олар нағыз азиялық болады. Қытайлық жолдастар «Мәскеу Халық Республикасын» немесе Ресейді «үлкен інісі» деп жариялайды», - деп атап өтті публицист.