Bugin

ЕҚЫҰ Украинадағы бақылау миссиясының жабылатынын хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ЕҚЫҰ Украинадағы Арнайы бақылау миссиясын жабу үшін шұғыл шаралар қабылдайды. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Польшаның сыртқы істер министрі Збигнев Рау және ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Хельга Мария Шмидт мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «ЕҚЫҰ миссияны барынша жауапкершілікпен және аз шығынмен жабу үшін жедел, әкімшілік және қаржылық қадамдар жасайды, бұл ретте бүкіл Украина бойынша миссия мүшелерінің қауіпсіздігі басым болып қала береді», - деді Шмид.

Раудың айтуынша, Ресейдің әрекетіне жауап ретінде қиын шешім қабылдауға тура келді.

- «Бұл оңай шешім емес. Біз арнайы бақылау миссиясының мандатын ұзартуға қол жеткізу үшін қатысушы мемлекеттермен саяси диалог арқылы барлық мүмкін нұсқаларды зерттедік, бірақ Ресей Федерациясының ұстанымы бізге миссияны жабу бойынша қадамдар жасаудан басқа таңдау қалдырмады», - деді ол.

Бұл ретте ЕҚЫҰ Украинадағы өз қызметін қолда бар міндеттемелерге сәйкес жалғастыруға ұмтылады.