Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстанның Қарулы Күштері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттермен оқу-жаттығулар өткізуге дайындалуда, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бас штаб бастығының орынбасары – Жедел жоспарлау департаментінің бастығы генерал-майор Марат Аймашев ҰҚШҰ Біріккен штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-лейтенант Хасан Калоевтің жалпы басшылығымен өткен бірінші штабтық келіссөздерге қатысты.
Кеңеске Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, ҰҚШҰ Хатшылығы мен Біріккен штабының өкілдері қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыбы – бұрын бекітілген 2022 жылға арналған жоспарға сәйкес Орталық Азия өңірінде бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу.
Қазан айында Қазақстанда жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл – 2022» командалық – штабтық оқу-жаттығулары, «Іздестіру – 2022» барлау күштері мен құралдарымен арнайы оқу-жаттығу және «Эшелон-2022» материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерімен арнайы оқу-жаттығу өтеді.
Орталық Азия аймағының «Рубеж-2022» жедел өрістету ұжымдық күштерінің бірлескен оқу – жаттығуын Тәжікстан аумағында өткізу жоспарлануда, ал Қырғызстанда «Мызғымас бауырластық - 2022» бітімгершілік бөлімшелерімен командалық – штабтық оқу-жаттығу өтеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61