Bugin

Гутерриш Киевте жүргенде Ресейдің жасаған зымырандық шабуылынан шошынғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей Федерациясының Киевке жасаған зымырандық шабуылынан сескенгенін айтты. Өйткені, ол сол кезде елордада Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізген еді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Obozrevatel сайтына сілтеме жасап.

Бас хатшының әсері туралы ВВС журналисі Бен Браун Twitter-де жазды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің өзі бұл жолы «шошып кеттім» деген сөзді қолданды дейді ол.

- «БҰҰ Бас хатшысы маған Президент Зеленскиймен келіссөздер жүргізу кезінде Ресейдің Киевке жасаған зымырандық шабуылынан сескенгенін айтты» - деп жазады журналист.

Сонымен бірге, Украина астанасына келген Гутерриш Twitter-де «Соғыс – зұлымдық» деген қысқаша хабарлама жариялады.