Әлем
Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөздер аяқталғаннан кейін Киевке жасалған зымыран шабуылы ұйым басшысын масқаралау екенін айтты. Себебі, Ресей президенті Владимир Путин халықаралық институттарды ұнатпайтын көрінеді. Бұл туралы Зеленский кезекті үндеуінде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Obozrevatel сайтына сілтеме жасап.
- «Ресейдің Украинаға - Киевке, Фастовқа, Одессаға, Хмельницкийге және басқа қалаларға жасаған зымырандық соққылары әлі де босаңсуға болмайтынын білдіреді. Соғыс аяқталды деп ойлауға болмайды. Басқыншыларды жерімізден қуу үшін әлі де соғысуымыз керек» - деді Зеленский.