Bugin
Атырау облысы полиция департаментінің көші-қон қызметінің бастығы Руслан Әділов ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 27 сәуірде Әділов ағасымен бірге ҚР аумағынан шығарылу қаупі төнген Молдова азаматын қалалық соттың судьясына пара беруге шақырған.
- «Полковник Әділовке 6 мың доллар көлемінде параны рекрутингтік агенттіктің директоры тапсырған, бірақ ағайындылар ақшаны судьяға аудармай, өздеріне сақтап қойған», - делінген хабарламада.
367-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша пара беруге айдап салу).