Bugin

Ата заң, республикалық референдум: Тоқаев жаңа өзгерістер туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Бұл туралы Президент ҚХА отырысында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», - деді президент.

Айта кетейік, Қазақстанда жалпыхалықтық референдум екі рет өткізілді. Екеуі де 1995 жылы. Сәуірде халық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзартты, ал тамызда жаңа Конституцияны қолдаған еді.