Bugin
Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы М.Бекееваның өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша (ҚК 105-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды» - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 6 сәуір күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болды.