Bugin

Екінші Республиканы бірге құрамыз – Тоқаев

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз» деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Елімізді жан-жақты жаңғыртатын ауқымды реформа ұсындым. Біз болашаққа сеніммен қарап, қарқынды даму жолымен жүреміз. Мақсатымыз айқын, қадамымыз нық. Ең бастысы, Отанымызды өркендетіп, ел өмірін өзгертуге бәріміз жұмыла кірісеміз. Ортақ іске әрбір азамат, бүкіл ел атсалысса ғана нақты нәтижеге қол жеткіземіз. Біз диалог орнату мәдениетін қалыптастырып, қоғамда өзара түсіністік пен сенімді нығайтуымыз керек. Мұның бәрі еліміздің болашағы жарқын, халқымыздың әл-ауқаты жақсы болуы үшін қажет», - деді мемлекет басшысы.

Президент елімізде өмір сүріп жатқан барлық этнос өкілдері жалпы азаматтық құндылықтарды қолдап тұрғаны маңызды екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде Тәуелсіздік жылдарындағы біздің үлкен жетістігіміз және оны жан-жақты нығайтуға міндеттіміз.

«Біз барлық жоспарымызды міндетті түрде жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!» - деді Тоқаев.