Bugin
Мемлекет басшысы бүгін, 29 сәуірде өткен Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында «қазақ тілін дамыту үшін шаралар қабылдау қажеттігін» атап өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Тарих және этникалық ерекшеліктер тұрғысынан алғанда Қазақстан – көптілді мемлекет. Бұл – біздің артықшылығымыз. Дегенмен мемлекеттік тіл қазақ тіл екенін есте тұтып, қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін шара қабылдау керек», - дейді президент.
Сонымен қатар орыс тілінің де орны туралы айтты.
«Мен өзім БҰҰ-да істегенмін. Мемлекетте ұлттық бірлікті қолдау қаншалықты маңызды екенін білемін. Бұл әсіресе, көп этносты, көпұлтты мемлекеттерге қатысты. Мемлекеттік тілде керемет сөйлейтін азаматтарымызға құрметпен қараймын және оларды қолдау керек деп санаймын. Тілге қатысты дискриминация болмауы керек. Конституциямыз бұл мәселеге анық жауап береді: мемлекеттік тіл – қазақ тілі, бірақ Конституциямызда орыс тілі де лайықты орынға ие. Сол себепті осыдан бастайық», - дейді Тоқаев.