Әлем
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың көмекшісі Апты Алаудинов «Ахмат» арнайы жасағының халықаралық құрамы туралы айтты. Бұл туралы «SHOT» telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның сөзінше, «Ахмат» шешен арнайы жасағы - ең интернационалды команда. Олар Украина қалаларын ұлтшылдардан азат етуге қатысады. Оның құрамында орыстар, украиндар, қазақтар, ингуштар, осетиндер, құмықтар және басқалары бар.
«Ең көпұлтты әскер - «Ахмат» арнайы жасағы. Түсінікті болу үшін айтайын, бұл украин жігіті. «Ахмат» арнайы жасағындағы украин. Мынау орыс, мынау қазақ. Біздің «Ахмат» арнайы жасағында ингуштар, осетиндер, құмықтар да бар. Біз көпұлтты ұжымбыз және мұндағы жігіттердің мақсаты да бір. Яғни бұрын бауырлас болған халықтардың тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз ету. Сонымен қатар мұндай жауыз, фашист, ұлтшылдардың болмағанын қалаймыз», – деді ол.