Bugin
Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтіші қанағаттандырылды. М.Төребаев пен М.Шерниязовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 2 айға ұзартылды», - дейді олар.
Айта кетейік, Алматыда «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамалғанын жазған болатынбыз. Кейін танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды.