Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Президенттер сауда-экономикалық саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайын егжей-тегжейлі талқылады.
Мемлекет басшылары екі елдің үкіметтеріне жедел шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударуды тапсыруды ұйғарды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге мамырдың ортасында Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кездесуіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.