Travel

Әлемнің қызықтары

Әлемдегі қызықты 7 дерек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жер Планетасы таңғажайып сырларға толы. Табиғаттың тылсым құпияларының көптігі сонша, олардың барлығын шешу мүмкін емес сияқты. Назарларыңызға әлемдегі ең қызықты 7 деректі ұсынамын. 

  1. Әлемдегі атауы ең қысқа аймақ-Å. Швеция мен Норвегияның шекарасында орналасқан кішкентай Å ауылы ең қысқа атаулы аймақ. Скандинавиялық тілден аударғанда Å – «өзен» дегенді білдіреді екен.
  2. Ең алып қала. Әлемде ең үлкен жер аумағын алып жатқан қала Қытайда Ішкі Монғолия ауданында орналасқан Хулун-Буир қаласы. Оның алып жатқан аумағы 263 953 шаршы км.
  3. Тек қана бір елмен шектесетін елдер. Лесото, Ватикан және Сан-Марино елдері бір ғана елмен шектеседі. Лесотоны толығымен ЮАР қоршайды, ал Ватикан мен Сан-Мариноны толығымен Италия қоршап жатыр.
  4. Ең ұзын географиялық атау. «Taumatawhakatangihangak oauauotamateaturipukaka pikimaungahoronukupokaiwhe nua kitanatahu» 
  5. Ең суық және ең жылы теңіз. Ресейдегі Ақ теңіздің су температурасы ең төмен, бар-жоғы -2 °C-ке тең. Персид шығанағы ең жылы теңіз болып саналады. Жазда су температурасы 35,6 °C-қа дейін барады. 
  6. Сан-Марино – әлемдегі ең ежелгі конституциондық мемлекет болып саналады.Сан-Марино елін 301 жылы Диоклетиан императорынан қашып жүрген тас қалаушысы құрған. Сан-Марино конституциясы 1600 жылы қабылданып, әлемдегі қабылданған ең бірінші конституция. 
  7. Адамзат қазған ең терең ойық. Адамзат қазған ең терең ойық Ресейдегі Коль асатерең саңылауы болып саналады. Ол 12 262 метрді құрап, ғылыми жұмыстарға қазылған болатын. Мұның салдарына біраз ғылыми жаңалықтар жасалған екен.