Қоғам

Павлодардағы колонияда аузы мен көзін тігіп тастаған сотталушы аштық жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодардағы колонияда сотталған ер адам аузын, көзі мен құлағын тігіп, аштық жариялады. Президентке видеоүндеу жасаған ол колониядағы қызметкерлерге шағымданды. Бұл деректі Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті тексереді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодағы ер адам өзін Тустам Сагитов деп таныстырады. Ол қылмыстық іс бойынша өтініштерін қажет инстанцияға жібермеген колония қызметкерлерінің аты-жөнін айтты. Ер адам аштық жариялап, 12 сәуірден бері тамақ ішпеген.

Сонымен қатар видеода ер адам көзін, аузы мен құлағын тігіп тастағаны көрсетілген. Бұл оқиғаға қатысты Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті пікір білдірді. 

«Сотталған адам жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары АП-162/4 мекемесінде өтейді. Бұрын екі рет сотталған. Ол бір топ адам алдын ала сөз байласып, аса қатыгездікпен жасаған, дәрменсіз жағдайдағы адамды ұрлау және өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылған. Жазаны өтеу кезеңінде үш жаза бар. Биыл сәуірде бұрын салынған жазамен келіспеуіне байланысты дене мүшесін зақымдаған», - дейді олар.

Департамент өкілдерінің айтуынша, ер адам бұған дейін де соттың шешімімен келіспей, бірнеше рет өзін зақымдаған. Видеоүндеу бойынша қажет тексеріс жұмыстары басталды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61