Әлем
Microsoft компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Билл Гейтс әлемге жаңа қауіп төніп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы The Financial Times-ке сілтеме жасап.
Кәсіпкер бұл қауіптен қорғануға көп инвестиция қажет екенін атап өтті. Ол келесі пандемияның қорқынышты болатынын, әлем оған дайын болу керегін де айтты. Билл Гейтстің пікірінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) білікті мамандардың командасын жинауы керек.
Кәсіпкер жаңа қауіппен күресуге шамамен 1 млрд доллар қажет екенін жеткізді. Бірақ ол әлем елдері ДДҰ-ны қаржыландыруды ұлғайтуға келісетініне сенімді емес екенін айтып өтті.
Еске салайық, 2015 жылы Билл Гейтс әлем жаңа пандемияға дайын емес екенін мәлімдеген еді. Ал 2020 жылы әлемде коронавирус пандемиясы басталды.