Әлем

Зеленский украин әскерінің Ресей аумағындағы әскери операциясын жоққа шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина Президенті Владимир Зеленский елінің қарулы күштері жүргізген әскери операциялардың Ресей аумағына қолданылмайтыны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТАСС басылымына сілтеме жасап.

«Украина Қарулы Күштері Ресей аумағында әскери операциялар жүргізбейді. Олар өз жерін қорғайды және Ресейді басып алуға ұмтылмайды», - дейді Зеленский.

Сонымен қатар басылым Белгород, Брянск және Курск облыстарының аумағы Украина тарапынан бірнеше рет миномет пен артиллериялық шабуылға ұшырағанын жазды. Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі ұшқышсыз басқарылатын бірнеше ұшақты анықтаған.