Әлем
Германия канцлері Олаф Шольц ZDF арнасына берген сұхбатында Ресейге қатысты санкцияларды алып тастау шартын атады. Оның айтуынша, Украинада арнайы операция басталғаннан кейін енгізілген шектеулер Киевтің келісімінсіз алынып тасталмайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТАСС басылымына сілтеме жасап.
Саясаткердің айтуынша, Мәскеу мен Киев өзара келісімге келуі керек. Алайда Ресей тарапы өз шарттарын ғана атап, үстемдік ете алмайды.
Шольц Украинаның тәуелсіздігін сақтауы керегін, ал Батыс елдері соғыс қимылдарын тоқтатуға және орыс әскерін Украинадан шығаруға ұмтылатынын атап өтті.
«Ресей жеңіске жетпеуі керек, ал Украина жеңілмеуі керек», - дейді Шольц.