Қоғам

Қазақстандықтарды мамыр айында не күтіп тұр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова мамыр айына болжам жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Әбдірайымованың айтуынша, 29 сәуірден бастап Плутон ретроградты қозғалысқа ауысты. Сондықтан айдың 17 мен 20 аралығында туған адамдар Плутонның энергиясына өте сезімтал келеді. Әсіресе, осы күндері дүниеге келген Тоқты, Шаян, Таразыларға абай болу қажет. Ал бұл кезеңде туған Бикеш, Торпақ, Сарышаян, Балықтардың жолы болуы мүмкін.

«30 сәуір мен 16 мамыр аралығында біз тұтылу дәлізіне кіреміз. Осы уақытта болатын оқиғалар келесі жартыжылдыққа ықпал етеді. Тұтылу қаржы өсінде өтетіндіктен, мамырда, әсіресе, айдың екінші жартысында биржада, қаржы нарығында тұрақсыздық байқалады. Ел ішінде наразылық көңіл-күй артады», - дейді маман.

Астрологтың болжамынша, 11 мамырдан барлық елдің лидерлері белсенді, ашық әрекетке көшеді және тәуелсіздікке, өз билігін жүргізуге күрес күшейеді. Сондай-ақ әскери басшылықпен дау-жанжал көбейіп, өрт, жарылыс саны артуы мүмкін. Соғыс жағдайында тұрмаған елдерді әскери іс-қимылдарға тарту үшін оларға қарсы агрессия жасалуы мүмкін. Мұндай фактілер айдың үшінші онкүндігінде болжанып отыр.

Маман мамырдың бірінші онкүндігі саяси тұрғыдан қолайлы кезең екенін атап өтті. Айдың басында мемлекет басшылары белсенді іс-қимылға көшіп, халықаралық келісімшарттарға қол қояды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61