Әлем

Путин 9 мамырда ресми түрде Украинаға соғыс ашуы мүмкін – CNN

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Президенті Владимир Путин 9 мамырда ресми түрде Украинаға соғыс ашуы мүмкін. Бұл - америка және батыс шенеуніктерінің пікірі, деп жазады Bugin.kz порталы CNN арнасына сілтеме жасап.

Путин 9 мамырдан бастап Украинаға соғыс жариялауға көшуі мүмкін. Бұл Ресей резервтік күштерін Шығыс және Оңтүстік Украинаны басып алу кезінде толық жұмылдыруға мүмкіндік береді, дейді АҚШ пен Батыс шенеуніктері.

Шенеуніктер бір сценарийді ғана талқылай бастады. Осы күнге дейін Ресей Украинаға басып кіруін арнайы операция деп атап келді.

«Менің ойымша, ол өзі айтқан «арнайы операциядан» шығуға тырысады», - дейді Ұлыбритания қорғаныс министрі Бен Уоллес өткен аптада LBC радиосына берген сұхбатында.

Бұдан бөлек 9 мамырға арналған болжам бойынша, Ресей әскері Луганск пен Донецк аумақтарын аннексиялау, Одессаға шабуылды жандандыру немесе Мариупольді толық бақылауға алу бойынша жұмыс істеуі мүмкін.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайстың айтуынша, Ресей тарапы 9 мамыр күні үгіт-насихат жұмыстарын жасау үшін қолдан келгеннің бәрін істейді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61