Bugin
Ресей армиясы Украина жерінде үш үлкен мәселеге тап болды. Бұл туралы Пентагон мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Obozrevatel сайтына сілтеме жасап.
Ресей әскері Донбасста аз ғана ілгерілеушілікке қол жеткізді. Олар соғыс майданында барынша сақтық танытуда. Басқыншылар алдағы уақытта әлі де үлкен мәселелерге тап болуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері мәлімдеді.
- «Соңғы екі күнде әскерлер кері шегінуде. Олар соғыс майданында барынша сақтанып, біркелкі емес тактика көрсетуде», - деді Пентагон өкілі.