Bugin
Венгрияның энергия тасымалдаушыларға деген барлық қажеттілігінің 65% — ы ресейлік мұнаймен, 16% - ы қазақстандық мұнаймен жабылады. Бірақ Ресейге қарсы санкцияларға байланысты ел оны импорттай алмайды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жақында Венгрия Қазақстаннан мұнай сатып алуды арттырып, өз үлесін 16%-ға жеткізді, бірақ ол да ресейлік мұнай құбырлары арқылы келеді. Санкциялар жеткізуге кедергі келтіруде.
* «Бұл мәселе тек біздің ұлттық мүдделеріміз үшін ғана қарастырылатынын растағым келеді. Шығыс немесе Батыстың біз туралы не ойлайтыны маңызды емес. Біз үшін маңызды бір нәрсе – Венгрияны энергиямен қамтамасыз етуге кепілдік бергіміз келеді, оған қауіп төнуі мүмкін емес. Украинадағы қақтығыстың құнын венгр халқы төлейді деп бізден ешкім талап ете алмайды», - деді Питер Сиярто.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді екі ел ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін жаңа жолдар табу мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын хабарлады.