Денсаулық
Пайдалы кеңес
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Таңертең аш қарынға, екі шай қасық балдықайнаған суға салыпішіңіз. Бұл сусын күні бойы сергек жүруіңізге пайдасын тигізеді. Сонымен қатар ол ағзада зат аламасу процесін жақсартады.
Бірақ балды аш қарынға құры өзін ғана қабылдауға болмайды. Өнімдегі инсулиннің шамадан тыс бөлінуі ағзадағы қант тудырады.
Ұйықтар алдында жылы шайға немесе сүтке бал салып ішу пайдалы. Бұл күні бойы шаршағаныңызды басып, оңай және тез ұйықтауға көмектеседі.
Балды ыстық суға салуға болмайды, яғни температурасы 40-45 градустан аспауы керек. Судың температурасы 60 градусқа дейін барған жағдайда, балдың пайдалы қасиеті жоғалып, керісінше улы және зиянды затты бөле бастайды.
Бал жеген соң тісіңізді міндетті түрде тазалаңыз. Себебі балдағы тәтті өнім эмальға зияннын тигізеді
Бал жеген адамның миының жұмыс істеуі жақсарып, есте сақтау қабілеті артады. Сонымен бірге қан айналымы дұрыс болуы үшін қуат береді.
Жүрек жұмысын нығайтады және қан-тамыр ауруынан сақтайды.
Асқазан, ішек жолы ауруымен ауырытан адам балды тұрақты пайдаланса, ас қорыту қызметі реттеледі.
Қан қысымы көтерілген жағдайда зығырдан 50 грамм, балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе, қан қысымын төмендетеді.
Құлақ ауруына да әсері мол. Сиыр, омырау, ешкі сүтіне немесе жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, емдік қасиетін көресіз.
Үккіштен өткізілген сәбізге бал қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, сіңіп, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Бауыр, өт жолы ауыратын адамдарға пайдасы зор.
Аузы уылған адам бал жесе тез айығады.
Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек.