Bugin

Елге Ресей мен Беларусьтен келетін тауар азайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жылдың басынан бері Қазақстан көрші елдер – Ресей мен Беларусьтен келетін тауарлардың көлемі азайған. Бұл елдер қазір ең алдымен өзінің нарығын тауармен қамтамасыз етумен шұғылданып жатыр, сондықтан экспорты азайып кеткен. Бұл жайлы Алматы қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты.

«Жыл басынан бері бұл елдерден келетін өндіріс тауарлары, расымен азайып кетті. Олар қазір ең алдымен өзінің нарығын шикізатпен қамтамасыз етуге тырысып жатыр. Өйткені әлемде шикізаттың бағасы қымбат кеткені белгілі», - деп түсіндірді Оразалин баспасөз жиынында.

Оның айтуынша, соған байланысты қазір компаниялардың қаржылық айналымы да біршама азайып кеткен. Ішкі нарықты толтырудың басқа да амалдарын іздестіріп жатқан көрінеді.

«Былтыр, одан алдыңғы жылдары ресей мен өзбек, беларусь тауарлары елімізде көбейіп кеткен. Содан баға арзан болды. Бірақ қазір жағдай өзгерді», - дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қазір нарықтың босап қалғаны отандық өндірушілер үшін зор мүмкіндік. Әсіресе, тамақтану саласында бәсеке жоқтың қасы.

«Сыртқы ойыншылар жоқ. Содан тәуекел де азайды», - дейді ол.