Әлем

Қадыров: «Арнайы операцияның» екінші кезеңін бастап, тезірек нүктесін қою керек»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шешен басшысы Рамзан Қадыров Украинадағы соғысқа қатысты мәлімдеме жасады. Ол  соғысты «Донбастағы арнайы операция» деп атап, «арнайы операцияның» екінші кезеңін бастап, «соңғы нүктені қою керек» екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қадыровтың Telegram арнасына сілтеме жасап.

Қадыров «Ресей армиясының Донбастағы жетістіктері» мен «нацистердің жойылуы» туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, ол Ресейге Украинаның Киев, Херсон, Харковь қалаларын басып алып, сол жерде билік орнату керек екенін айтты. 

– «Екінші кезеңді бастап, тек Луганск пен Донецк аумағында ғана емес, бүкіл Украинада «арнайы операция» жүргізу керек. Батыс елдері Украинаны қару-жарақпен тектен текке қамтамасыз етуде. Себебі, қаруларды жергілікті тұрғындар сатылымға шығаруда. Бұл әлемдік хаос, заңсыздық. Бұл жағдай жалғаспауы үшін, екінші кезеңді бастап, Харьков, Киев, Херсон сынды қалаларға толығымен басып кіру  керек. Онда билік жүргізіп, бізбен қарым – қатынас жасағысы келетін барлық мемлекеттермен диалог жүргізуді жалғастыру керек» – деді Қадыров. 

Қадыров Ресейдің қайтпас қайсарлықпен соғыса алатынын дәлелдегенін атап өтті.

– «Егер олар санкцияны қаласа, біз санкцияларға қарсы тұрамыз, егер олар соғысты қаласа, біз күресеміз», – деді Қадыров.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61