Әлем
Илон Маск Twitter коммерциялық және мемлекеттік пайдаланушылар үшін ақылы болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Твиттер жалпы пайдаланушылар үшін тегін болады, бірақ коммерциялық/мемлекеттік пайдаланушылар үшін ақылы болуы мүмкін», - деп жазды ол микроблогта.
Илон Маск американдық платформаны 44 миллиард долларға сатып алды. Ол Twitter-дің бүкіл әлемде сөз бостандығына арналған орынға айналу мүмкін екенін айтты.