Әлем

Путин жаңа жарлыққа қол қойды: кімдерге тыйым салынбақ?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин Украинада соғыс басталғаннан кейін Мәскеуге санкция салған елдерге қарсы шектеу қою туралы жарлыққа қол қойды. Құжат өзге жайттармен қатар «қара тізімге» енген елдерге шикізат пен өнім сатуға тыйым салады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Жарлық үкіметті он күн ішінде шектеу қоятын елдерді анықтауға міндеттейді. Олармен осыған дейін жасалған келісім бойынша да міндетті орындауға, қаржы операциясын жүргізуге, жаңа келісім жасауға тыйым салады.

Құжатқа қарағанда, ережелердің тек компаниялар мен мемлекеттік органдарға ғана емес, Ресейдің барлық азаматына қатысы бар. Жарлықта шектеу шаралары «ұлттық мүддені қорғау мақсатында» енгізіліп жатыр деп жазылған.

Айта кетейік, Украинада соғыс басталғаннан кейін Ресей Мәскеуге санкция салған елдерді «достық ниеті жоқ» елдердің тізіміне енгізген. Арасында АҚШ, ЕО елдері, Жапония, Сан-Марино, Микронезия бар.