Bugin

Қазақстандық бітімгерлер Донбасқа жіберіле ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық бітімгерлерді Донбасқа жіберу қарастырылмаған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл мәселе геосаяси жағдайда халықты алаңдатты. Бірақ Қарулы Күштерді мемлекеттен тыс жерде пайдалану жоспарлы және нормативті түрде бекітілген.

«Қазақстан Қарулы Күштерінің ітімгершілік операцияларға қатысуы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары негізінде ғана жүзеге асырылады. Қаулы негізінде Мемлекет басшысы Парламентке ұсыныс енгізеді. Ал Парламент бекіткеннен кейін ғана Қарулы Күштерді пайдалануға болады. Қазір бұл мәселе қарастырылмаған, келіссөздер де жүргізіліп жатқан жоқ», – деді Камалетдинов.

Сондай-ақ Қорғаныс министрінің орынбасары елімізде әскери міндетін өтегендерді мемлекеттік органдарға жұмысқа орналастыру жайы да қаралып жатқанын айтып өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әскери міндетін өтеушілерді жазғы каникулға жіберу, сарбаздардың отбасына коммуналдық қызмет ақысын төлеуде жеңілдік жасау сынды жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар білім беру саласында да жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Әскери міндетін өтеген соң оларды мемлекеттік органдарға жұмысқа орналастыру жоспары бар»,  – деді ол.