Bugin

Алмасадам Сәтқалиев «Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің жалақысы туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев қорда және портфельдік компанияларда басшылық қызмет атқаратындардың жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Менің білуімше, 2016 жылдан бері басшылық қызметтегілердің жалақысы өзгерген жоқ. Біз қазір жалақыны көтеру мәселесіне назар аударып отырған жоқпыз, бірақ соған қарамастан, өз үлескеріміз алдында аталмыш мәселені көтереміз деп ойлаймын. Яғни қазір ашық конкурс арқылы жұмысқа қабылдауды жүргізіп жатырмыз, ал үміткердің көпшілігі бос орындардан бас тартады», - дейді Сәтқалиев.

Оның айтуынша, менеджерлердің көбі қазақстандық компанияларды қолдау мақсатында бұрынғы жұмыс орындарына қарағанда төмен жалақыға жұмысқа келген.

«Біз шақырған адамдардың кейбірін, соның ішінде Украинадан да нарықтан алдық. Олар бұрын алған жалақысынан үш-төрт есе төмен жалақыға жұмысқа келді. Бұл шын мәнінде, патриоттық серпін. Біздің портфельдік компаниялардың жетекші басшылығын бөлек атап өту керек. Көбі Қазақстанға көмектесу үшін, өз үлесін қосу үшін 10 есе аз жалақыға келді. Яғни беделін қадағалайтын, ірі бизнесте, жетекші халықаралық компанияларда жұмыс істеген адамдар көмектесуге дайын. Бұл жерде мотивацияны да қолданамыз. Қазіргі уақытта бұл өте маңызды», - дейді ол.

Қордың басшысының айтуынша, ол жердегі жалақы деңгейі мемлекеттік қызметкерлердің табыс деңгейіне сай. Менеджерлер 700 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін алады. Кейбір портфельдік компанияларда - 1,5 миллион теңгеге дейін.

«Біз іскерлік ортада жұмыс істейміз. Еңбекақы деңгейі орташа салалық көрсеткішпен салыстыруға келетіндей болуы керек» - дейді Сәтқалиев.