Bugin

Қайрат Құдайбергенді сот босатпайтын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сот мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 4 мамырда аппеляциялық сот отырысы өтті.

«Бүгін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қамауға алу санкциясын күшінде қалдырды, адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмады. Бұған дейін тергеу соты іс-әрекетті саралау туралы шешім қабылданғанға дейін 30 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берген болатын», - делінген соттың хабарламасында.

Еске сала кетейік, 22 сәуір күні Депутат Қайрат Құдайберген қамауға алынған еді. Басты себеп – қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін және оқиға кезінде «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмалдиевтің жанында жүргені, сонымен байланыста болды деген күдік. Арман Жұмалдиев де қаңтар оқиғасына байланысты қамауда жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61