Bugin

Қазақ елшісі Астана атын қайтаруды ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның белгілі дипломаты, Мысыр мен Алжирде, Тунисте елші болған Қайрат Лама Шәріп кеңес кезінен келе жатқан жер-су атауларын жойып, елорданың Астана атауын қайтару керек деп ұсыныс жасады.

«Конституцияға референдум жүргізгелі жатыр екенбіз, ендеше оған «әкімшілік-аумақтық бөлініс» туралы жаңа бап қосып, Кеңес кезінен келе жатқан дау тудыратын атаулардың көзін жояйық. Ең алдымен айтарым «облыс» деген сөз – қазақ тілінен орыс тілінен келген сөз. Оның орнына қазақтың «өңір» деген жап-жақсы сөзін қолдануға болады. Қазақстан елін "Қазақ мемлекеті" деп атауымыз керек. Астана атын да қайтаратын кез келді», - деп жазды Лама Шәріп әлеуметтік желіде.