Саясат
Сіз білмейтін Қазақстан
Дүниені дүр сілкіндірген, тұлпарының тұяғы бүкіл әлемді басып өткен Шыңғыс ханның сұрапыл жорықтарына да осы тау куә. Асан қайғының тамсанып, таңданып қимай кеткен жер ұйығы Ұлытау болғанын бүгінгі ұрпақ мақтанышпен еске алады. Ұлытау- қазақ үшін Отан ұғымының шығар шыңы. Қазақ жерінің кіндігі болғандықтан, бүгінде аңызға айналған талай оқиғаның дені осы жерде өтен. Сонының дәлеліндей Ұлытауда Алаша, Жошы мен Тоқтамыс хандардың, Едіге ердің, өзгеде тарихи тұлғалар жерленген. Ұлытау қазақ тарихында өте үлкен және маңызды өлке болған. Ал біздің мақсатымыз мәдени-тарихи әрі рухани мұрамызды қайта жаңғыртып жас ұрпаққа көрсету. Ұрпақтар бірінің артын бірі жалғайды. Ал, ата-бабамыздың жері осылай керемет болып қала береді. Рас, ұлт тариханың алдында талай құпия сақтап жатқан Ұлытаудың әр тасын да сыр, тамшысында жыр жатыр.