Соғыс басталғалы Ресей Украинаға қарсы қанша зымыран қолданды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

24 ақпаннан бері Ресей Украинаға қарсы 2 мыңға жуық зымыран қолданды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский дат халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.

Зеленский Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінің 34-ші күні дат пен фолькетинг алдында сөз сөйлегенін еске алды.

- «Ол кезде мен Ресейдің елімізге қарсы 1370 зымыран қолданғанын айттым. Бүгінде 1993 зымыран болды. Олар қанша адамның өмірін қиғанын елестетіп көріңізші. Олардың көпшілігі әскери емес нысанаға тиді», - деді президент.

Оның айтуынша, 29 наурыздағы жағдай бойынша Ресей басқыншылары Украинада 773 білім беру нысанын қиратса, бүгінде оның саны 1584-ке жеткен.

- «Ресей армиясы Украина даласында балабақшалар, мектептер, университеттерге қарсы күресіп жатыр. Басқыншылар 220 украиндық баланы өлтірді. Ал басып алынған аудандарда не болып жатқанын әлі күнге дейін нақты білмейміз», - деді Зеленский.

Ол Ресей әлі соғысты тоқтатпайтынын және Украинадан басқа Еуропа елдерін басып алуды, Еуропадағы бостандықтың жойылғанын армандайтынын айтты.

- «Бірақ олардың армандары орындалмауы керек. Бейбітшілік туралы арман орындалсын. Біздің және сіздің арманыңыз. Дәл осыдан 77 жыл бұрынғыдай. Соғыстың қашан аяталатынын білмеймін, бірақ азаттық алатын күн жақындап қалды», - деді Зеленский.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61