Bugin
Анталиядағы фестивальде көрермендер отырған балкон опырылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, көрермендердің ешқайсысы зардап шекпеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Haberturk сайтына сілтеме жасап.
Оқиға арнайы жабдықталған көліктердің дрейф-шоуы кезінде болған. Оны көп адам көруге келген. Балкон көрермендердің салмағын көтере алмаған.
- «Балкон Анталиядағы Эльмала ауданындағы фестивальді тамашалаған көрермендердің салмағын көтере алмай, опырылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға болған кезде ешкім зардап шекпеген», - делінген басылым мәліметінде.