Әлем

Ресейдің соғыс даласында жеңіліске ұшырағаны рас па? - Ақ үй жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Федерациясының алға қойған мақсаттары орындалмады. Олар Украинадағы соғыста жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Укринформ сайтына сілтеме жасап.

- «Олар жеңіліске ұшырады», - деді Байден әкімшілігінің өкілі.

Ол Кремльдің Украина аумағының едәуір бөлігін, соның ішінде солтүстігін басып алуды жоспарлағанын, бірақ олар мұны істей алмағанын түсіндірді.

- «Президент Путин Киев көшелерінде шеру өткізбейді. Олар осы елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін иемденбейді. Олар НАТО - ны бөле алмады», - деді Псаки.

Осыған байланысты Ақ үйдің өкілі қазіргі кезеңде АҚШ Украинаның келіссөздер үстеліндегі позициясын ұрыс алаңында қару-жарақты күшейту арқылы да, украин тарапының кез-келген қажеттіліктерін қамтамасыз ету арқылы да нығайтуға күш салып жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61