Hi-Tech

Әлеуметтік желідегі қателіктер немесе WhatsApp месенджері

Бос уқытыңызды дұрыс қолданыңыздар!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

WhatsApp – ол қазіргі «уақыт жоқ» замандағы хабарласудың, әңгіме айтудың өте оңай әрі тиімді жолы. Бірақ бұл тиімділік бізге зардабын тигізбей қоймайды. WhatsApp желісіне бес минутқа кіресің, бірақ шыға алмай байланып қаласың да, сағаттап отырасың. Олар жасөспірімдердің психологиясына кері әсер етеді. 

Бір-бірімізбен ауызша сөйлесуді сиретіп барамыз. Тағы да айта кететіні бұл желінің арқасында біз еріншек болып барамыз. Неге десеңіз сөздермен емес смайлик арқылы сөйлесуді әдетке айналдырып алдық. Сөзбен жазып түсіндіруге болатын эмоцияларды бір-ақ смайликпен көрсетеміз. Әлеуметтік желілер адамды мәдениетті сөйлеу ғана емес, мәдениетті ойлау мүмкіндігінен де айырады.  Көптеген желі қолданушылар ауызекі тілде қолданылатын сөздермен сөйлейді. Әдеби тілді білмейді, сөздердің айтылу ережесін сақтамайды. Атап айтатын болсақ: «каксын?» - деп бастайды. Одан әрі «не істеп жатырсың?» деп сұраудың ор­­нына, «нестватсын», «нест», «не ист жат» деп жаза салады. «Ия» дегенді «я», «кино қарап жатырмын» деудің орнына «кино караватрм», «жіберген» сөзінің орнына «жберген», «жиберген», «қай жаққа» деген сөздің орнына «каякка» және т.б көптеген қате сөздермен жаза салады.  Осындай жазу стиліне дағдыланып кетіп, күнделікті диалог арасына қолданылуы да мүмкін. Бұл барып тұрған тілбұзарлық. Егер осындай қателермен жаза беретін болса, онда ұлттық тіліміз шұбарланып, адамдарымыз мәңгүртке айналады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,-дейді. Ел болашағының тұт­қа­сын ұстайтын мына біздер өзінің мемлекеттік ті­лінде, яғни қазақ тілінде сауатты жазатын бол­сақ, болашаққа қарай үлкен үмітпен, сеніммен қадам басамыз. Ал заман-заман деп заман ағымында кете беретін болсақ онда құрығанымыз.  Тағы бір белгілі жайт әлеуметтік желідегі жастардың қарым-қатынасында қазақ тіліне де, орыс тіліне де жатпайтын өзге «тіл» белең алуда. Ол дегеніміз орыс қаріптерімен қазақша жазу немесе ағылшын қаріптерімен орыс я болмаса қазақ тілінде жазу. Мысалы: «Privet», «Kalaisyn?», «Jaksy oz» деген сияқты. «Жақында әлеуметтік желінің жаңа жүйесі шығады деді. Онда компьютерде керексіз жарнамаларды, хабарламаларды автоматты түрде алып тастайтын болады». Бұл әрине қуантарлық жағдай.   Статистикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтікжелілерді күнделікті пайдаланады. Ресми деректерге көзжіберсек қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желілерде «әңгімелеседі» екен. Ал әлемнің кез келген бұрышында статистика бойынша бөлшектеп алғанда төрттен бір отбасының ойрандалуы осы әлеметтік желінің салдарына саяды Әлеуметтік желінің бізге берер пайдасын қаншалықты болса, зияны да соншалықты. Не болса да оны қолданған адамға байланысты-ау шамасы.  

Зияны:

1) Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажеттілік пе? Қоғам осы сауалдың ортасын да тұр. Біреуі дерт дейді, біреуі қажеттілік. Мамандар «дерт» дейді(психолог, педогог, әсіресе ақыл тоқтатқан адамдар) Олар «дерт» дейді, сөйте тұра қажеттілігін жоққа шығармайды. Ал жастар «дерт» деп мойындамайды, олар «қажеттілік» деп есептейді. 

2) Тағы да айта кететін жайт. Біз әлеуметтік желіге кіру арқылы  біреудің қалтасын толтырып беріп отырмыз. Әлеуметтік желіге кірген сайын кей адамдар миллиондаған ақша жасап, содан пайда тауып жатыр. Біз уақытымызды ұрлатамыз, сөйтіп отырып біреуге ақша төлейміз, соның басқа адамдардың пайда табуына жағдай жасаймыз. Кейбір ВКонта́кте, Instagram, Facebook, Twitter дегендерде 1 лайк үшін 1 теңгеден алып отырады. Жай ғана лайк басамыз, ал сол арқылы ақша жасап отыр.Әр видео-роликтердің «просмотры» үшін де біраз ақша жасайды. Жай ғана тосыннан шығатын жарнамаларға да, қарамасаң да оған просмотр жасап бересің. Біз сонда уақытымызды ұрлатамыз, әрі ақша береміз. Яғни, әлеуметтік желіге кіру үшін мегабайт немесе wi-fi-ға ақша төлейміз, уақытымызды босқа құртамыз, сонымен қатар лайк басып тағы ақша жасап береміз. 

3) Әлеуметтік желі арқылы көп адамдар, әсересе, жастар өздерінің өмірлерін қиды. Соған байланысты «Әлеуметтік желі, ажал апаны ма?» деген мақалалар да шығып жатты, оның бәрі осы жылы елді дүрліктірген «синий кит» т.б. Міне оның қаншама зардабы тиді. Қаншама ата-ана, аға-қарындастар өздерінің бауыр еті баласынан, ағасынан, қарындастарынан, туғандарынан айырылды. Осы «синий кит», «діни-экстремисттік» ағымдардың барлығы дерлік т.б. осы әлеуметтік желіде таратылады. Әсіресе, WhatsApp-та. 

4) Қазір жаңа бағдарлама бойынша бірінші сыныптың балаларының үлгерімін «смайлик» арқылы бағалайды. Бұл да бір күрделілік.  Яғни, кезінде бізге бес жұлдыз қойылса, ал қазір жақсы болса күліп тұрған смайлик қойылады. Бұл да баланың ойлау деңгейіне әсер етеді.   

WhatsApp-тың тиімді жақтары: 

– Телефондағы бірліктерді үнемдейді, яғни белгілі бір тарифке қосылу арқылы мегабайт алып, кез-келген уақыт шегіне дейін интернет арқылы қолдана беруге болады;

– Алыстағы туғандарыңмен де дәл солай видеохабарлама, аудиохабарлама арқылы шексіз сөйлесе беруге болады (тек интернет болғаны);

– Группаластар, сыныптастар, туысқандар т.б. ортақтастыратындай топтар ашуға болады;

– Не болмаса телефоныңда хабарласуға бірлік жоқ болғанда wi-fi,  мегабайт арқылы хабарласа беруге болады. 

Ұсыныс: 

1) WhatsApp-ты тек керек болған жағдайда ғана қолдану керек, керексіз саны көп, сапасы жоқ топтардан шығып кетуі қажет. Тек ол үшін адам бойында ерік-жігер, күш-қуат қасиеттері болу керек.

2) Телефонның зиянын көп насихаттау; 

3) Кітап оқудың балама жол тәсілдерін табуымыз керек (Кітап оқытудың, газет оқытудың тәсілдерін табу) Мысалы: біз қазір оқырмандар клубын құрдық, соның ішінде жақсы, пайдалы кітаптарды насихаттап, оқуға кеңес береміз. Ол кітапты адамдар кітапханадан, kitap.kz-тен, таныстарынан табуға тырысады. 

4) Қоғамның, студенттердің кітап оқуға деген ынтасын ашуымыз керек. Алматының ЖОО-ға барып, хабарландыруды іліп насихаттасақ. «Құрғақ сөз бас ауыртар, құрғақ қасық ауыз жыртар» -дегендей бос сөйлеп уақытымызды зая кетірмей үнемдеп жұмсайық.